Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Облыс әкімі хабарлағандай биыл жоспарланған 24 медициналық нысанның 12-не құрылыс-монтаждау жұмысы мен материалдық-техникалық жарықтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қаражат бөлінген.
Одан бөлек КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 25 млрд теңгеге 1000-нан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынады.
Облыс бойынша 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен талапкерлерге 55 грант және республикалық бюджет арқылы резидентураға 88 грант бөлінген.
- Жалпы кадр мәселесін шешу бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесінде, өңірімізге 13 дәрігер келді, - деді өңір басшысы.
zhaikpress.kz