«Охотзоопром»ӨБ» РМҚК, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, сонымен қатар «Зоология институы», «Халықаралық дуадақты қорғау қоры» қызметкерлері бірлесіп, Қарағанды облысының аумағына 52 сұңқарды мекендеу ортасына шығарды.

Фото: видеодан скрин
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Оның ішінде 23-і лашын, 29-ы ителгі. Барлық құстар белсенді, шығаруға алдын-ала дайындалған, сақиналармен белгіленіп, жабайы табиғатқа бейімделген.
Аталған жыртқыш құстар Біріккен Араб Әмірліктерінің тұқымбағында өсірілген.
Айта кету керек, Қазақстанда сұңқарларды табиғи ортаға шығару бағдарламасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақытқа дейін барлығы 782 құс мекендеу ортасына жіберілді.