15.04.2020, 12:23
Оқылды: 52

5440 мұқтаж азаматқа "Birgemiz-Oral" қоғамдық қорынан 50000 теңге қаражат аударылды

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте қазіргі ахуалға байланысты партия тарапынан атқарылып жатқан негізгі жұмыстар және "Birgemiz" қоғамдық қоры туралы "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев баяндады.

9AF029EC-A771-4AC7-8519-38979E18EA8E

-Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау, соның ішінде аса мұқтаж жандардың игілігін қанағаттандыру  мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, ірі компания басшылары қаржы аударды. Соның ішінде жерлесіміз, өңірдегі белді кәсіпорын иесі, партияның белсенді мүшесі Валентина Павловна Михно да бар. «Birgemiz» қоры арқылы Қазақстандағы ең ірі 23 қаладағы аса мұқтаж 150 мыңнан астам адам көмекпен қамтылуда. Көмекке мұқтаж жандардың тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде жергілікті мемлекеттік органдардың арнайы бөлімдері арқылы жасақталды. Қоғамдық қор негізінде құрылған қамқоршылар кеңесі де аталмыш санаттар бойынша тізімдердің дұрыс жасақталуына қадағалау жасайды.

Бірінші кезенде Еңбек министрлігінде аймақтардағы мемлекеттік органдардың  ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 332 аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, 1365 мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларды, 86 жетім баланы, 788 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңістірілгендер, тыл еңбеккерлерін қамтыған алты санат бойынша жасақталған 5440 мұқтаж азаматтарға "Birgemiz-Oral"  қоғамдық қорынан 50000 теңге қаражат аударылды. 

Екінші кезенде осы санаттар бойынша 8734 адам қамтылады деп жоспарлануда.

Бұл игі бастама республика бойынша халықтың денсаулығына үлкен сақтықпен қарап, ешбір мұқтаж жанды үйінен шығармас үшін электронды түрде жүзеге асып жатыр. Банк басшылары да жанашырлық танытып, тұрғындардың есепшоттарын, банк карточкаларын электронды түрде реттеуге көмек көрсетті.

Тұрғындар қиын кезеңде көмек қолын созған Елбасыға, «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорға ризашылықтарын білдіруде, - деді М. Рахметұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале