27.11.2025, 11:15
Оқылды: 45

545 мың теңгеге дейінгі арнайы жәрдемақыны кімдер рәсімдей алады?

Қазақстанда шамамен 208 мың адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл ел алдында айрықша еңбегі сіңген немесе төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін қолдау. Ай сайын мұндай төлемдерге республикалық бюджеттен 22,3 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

жп ақша (10)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны келесі санаттағы азаматтар ала алады:

  • Ұлы Отан соғысының және басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар;
  • қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері;
  • қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
  • тыл еңбеккерлері;
  • Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандар;
  • саяси репрессия құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнетақы алатындар;
  • "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері;
  • мемлекет алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын адамдар.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл төлемге үміткер бола алады.

Жәрдемақы мөлшері

Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі аралықты құрайды.

Бұл – 8375 теңгеден 545 мың теңгеге дейін.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, соңғысы — 2025 жылғы ең жоғары мөлшер. Төлемдер жыл сайын АЕК өскен сайын бірге ұлғайып отырады.

Егер адам бірден бірнеше санатқа жатса, жәрдемақыны қандай негіз бойынша алатынын өзі таңдайды.

Арнайы жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

  • онлайн — электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы;
  • офлайн — халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО).
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале