22.11.2023, 14:30
Оқылды: 75

57 миллионның жыры: Серебряков мектебінің мұғалімдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

Бұл туралы БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Бағдат Жұмағазиев айтты.

IMG-20231122-WA0094
- Мемлекетке 57 миллион қарыз болып қалған мектеп мұғалімдері мен лауазымды тұлғаларына қатысты біздің өндірісімізде ешқандай қылмыстық іс жоқ, - деді тергеуші.

Бірақ осы мектептің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс тергеліп, қыркүйек айында сотқа жіберіліпті.
Мектептің бас есепшісі үш миллионнан астам қаржы жеп қойған деген факт бойынша тергеу жүргізілген.
Осыдан бірнеше апта бұрын Серебряков мектебінің мұғалімдері мемлекетке 57 млн қарыз болып қалғаны туралы айтқан болатынбыз.

Кезекті жүргізілген аудиттік тексеріс мұғалімдердің әр қайсысына 1 млн мен 3 млн арасындағы артық төлемді мойындарына іліп кеткені туралы мұғалімдер өз ауыздарымен айтқан еді.
Енді осы 57 млн қаржыға қатысты іс азаматтық-құқықтық тәртіпте БҚО Білім басқармасына жолданыпты.

- Енді 57 миллион қаржыға қатысты мәселені білім басқармасы мен мұғалімдер өздері шешеді, - деді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Бағдат Жұмағазиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале