9.10.2023, 18:00
Оқылды: 43

580-нен астам қоныс аударушы отбасы экономикалық ұтқырлық сертификаттарын алған

Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында биыл ішкі қоныс аударушылар үшін жаңа тетік – тұрғын үй сатып алу үшін материалдық көмек алуға мүмкіндік беретін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілген.

ЖП ДОМ (6)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда сертификаттар 583 отбасына берілген.

Сертификат бір рет өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50% немесе бір отбасына 4 миллион теңгеге дейін беріледі.

Материалдық көмек Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Үкімет бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесі нысанында ұсынылады.

Тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін сертификат алдын ала шарт немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шарты болған кезде беріледі.

Тұрғын үй салу кезінде сертификат ҚР Жер және басқа да заңнамаларына сәйкес жеке тұрғын үйлер салу үшін меншігінде жер учаскелерінің болуын ескере отырып беріледі.

Сертификатты тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктен тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хат ұсыну қажет. Бұл ретте экономикалық ұтқырлық сертификаты келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде ғана тұрғын үй сатып алу үшін беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале