«Біздің үш ірі қалалық агломерацияда таяу болашақта ІТ-нарығының сапалы серпілісіне негіз болатын 5G технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл технология экономиканың барлық салаларында – өнеркәсіп, көлік, қызметтер, қауіпсіздікте жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Қазақстан Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жұмысын жандандыруы тиістігін айтқан еді.