Абай облысында 62 жастағы тұрғын 44 жылдан бері құжатсыз жүрген, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: Ішкі істер министрлігінен
Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жылдан бері құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінген. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған.
Ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген. Алайда 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажет құжаттардың тізімін алған. Қажет анықтамаларды жинап жатқанда, төлқұжатын да жоғалтқан. Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды.
Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнетке шыға алады.
Ж. Қадыржанова,
massaget.kz