Оралдағы М.Ықсанов атындағы көшеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Ығы-жығы халық. Жұрттың бәрі бағасы нарықтағыдан арзандау бақша өнімдері мен ірі қара етін сатып алуда. Жәрмеңкеге Ақжайық, Қаратөбе, Зеленов және Теректі аудандарынан, Орал қаласы маңындағы шаруашылықтар өз өнімдерін әкелген.
Сонымен қатар Орал құс фабрикасының өнімі де бар. Бірақ фабриканың сатуға әкелген тауық жұмыртқасы бір сағатқа жетпей бітіп қалды. Осының алдында қалалық кәсіпкерлік бөлімі жұмыртқаны екі орыннан сатуды ұйымдастырамыз деп еді.
Жәрмеңкеге келушілер бұл жәрмеңке биылғы күз маусымындағы соңғы жәрмеңке болмаса екен деген өтініштерін айтты.
Zhaikpress.kz