15.02.2023, 10:15
Оқылды: 37

68,2 мыңнан астам адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Биылғы 1 ақпандағы мәліметке сүйенсек, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысты. 55,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 17,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі.

e6e12e2a75c20abab5c37baa94f99b0d_1280x720

Субсидияланатын жұмыс орындарына 38,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 2,4 мың, жастар практикасымен 1,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 33,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 365 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 17 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 670 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 10,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 7 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 10,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале