24.12.2021, 15:45
Оқылды: 46

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 82 мыңнан астам өтінім қабылданды

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 82 661 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

41

«2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,04 трлн теңге несие алуға 82 661 өтінім қабылданды. Оның ішінде 594,5 млрд теңгеге 47 200 несие мақұлданды», делінген хабарламада.

Еске салайық, аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале