«7-20-25» – ел аумағында жүзеге асырылатын ипотекалық бағдарлама. Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған бұл әлеуметтік бағдарлама әрбір қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндіктер береді.
Оның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры».
Ережелері қандай?
Жеке тұлға «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:
Қай банк арқылы ипотека алуға болады?
«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтын азаматтар «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен арада ынтымақтастық туралы келісімі бар Серіктес-Банктерге жүгінеді:
Тұрғын үйге қойылатын талаптар
Пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлер (Құрылыс салушылардан сатып алынған жаңа тұрғын үйлер).
Тұрғын үйдің ең жоғары құны
Астана, Алматы және шекаралас аймақтарын қоса алғанда, Ақтау, Атырау,
Шымкент – 25 млн теңге
Қарағанды, Түркістан – 20 млн теңге
Өңірлер – 15 млн теңге.
Бағдарламаның негізгі шарттары қандай?
Бір жылға 100 млрд теңге
Ұлттық банк 7-20-25 ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын 2024 жылға қарай қаржыландырудың жылдық көлемін белгіледі.
Рұқсат етілген шекті деңгей – 100 млрд теңге, яғни әр тоқсанға 25 млрд теңгеден бөлінеді.
Сондай-ақ қаулыда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарлама аясында берілген ипотекалық қарыздар бойынша талаптарды сенімгерлікпен басқару үшін банк сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделген.
«Түзету бағдарлама операторы – «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында орнатылған құқықтық қатынастарға әсер етеді және азаматтарды несиелеу шарттарына әсер етпейді».
2023 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдетілген несие берілгенін еске сала кетейік.