Министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.
"Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз", - дейді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болатынын хабарлаған еді.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жолы бағдарламаға 2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады.
Nur.kz