8.02.2022, 12:25
Оқылды: 24

8 өңірде терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу жұмыстары жалғасуда - Бас прокуратура

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы терроризм актісі мен жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуді жалғастыруда. Жұмыстар 8 өңір бойынша: Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ожаров Ризабек мәлім етті. 

WhatsApp_Image_2022-02-08_at_07.33.30

 

«Себебі дәл осы айматарда адамдар өлімдері орын алған, мемлекеттік және жеке нысандар қиратылып, өртелген. Бір айдың ішінде біз ауқымды көлемде тергеу әрекеттері атқарылды. Жауаптар алынуда, бейнематериалдар зерделенуде, сараптамалар тағайындалуда, эксгумациялар, мәйіттерді идентификациялау жүргізілуде және олардың қайтыс болу себептері анықталуда», - деді спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале