9.05.2025, 17:50
Оқылды: 345

80 жылдыққа – 80 шақырым

Ардагер, параспортшы Құбайдолла Хасанов 80 шақырымдық жаяу жүрісті сәтті аяқтады.

86aae1d2-4352-43be-9c88-a00c0f05722d (2)

Өңір спортының дамуына үлес қосқан ардагер, параспортшы Құбайдолла Хасанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымдық  жаяу жүріс бағытын сәтті еңсерді.

79 жастағы спортшы бұл бастаманы аяқтар алдында күн сайын 10 шақырымнан жүрді. Аяғынан алған жарақатына қарамастан, бастаған ісін соңына дейін жеткізген. III топ мүгедегінің бұл әрекеті – Жеңіске деген құрметтің белгісі, рухтың айқын  көрінісі.

Ақсақалдың жаяу марафоны аяқталғанын естіген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов спортшыны арнайы қабылдап, оған алғысхат табыстады. Басқарма басшысы Құбайдолла Хасановтың бұл бастамасы жастарға үлгі, ел спортына қосқан үлес екенін  атап  өтті.

1946 жылы Бәйтерек ауданының  Петров ауылында дүниеге келген Құбайдолла Хамзаұлы өмірінің көп бөлігін өнер мен спортқа, жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған.

Құбайдолла Хамзаұлы – пара пауэрлифтингтен екі дүркін Азия шемпионы (2004 ж. – Үндістан, 2006 ж. – Филиппин), сондай-ақ өңірдегі параспорт қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан азамат. Ол өзінің саналы ғұмырын ел спорты мен салауатты өмір салтын насихаттауға арнаған.

Арал Болпышұлы

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале