7.06.2024, 16:15
Оқылды: 125

85 жастағы қария екі миллион түп ағаш еккен

85 жастағы қызылордалық Бектай Сүлейменов бағбандықты қолға алғалы шамамен 2 млн түп ағаш еккен. Қарттығына қарамастан ол әлі күнге күрек-кетпенін қолынан тастаған емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

71A4154F-3664-4806-AB6D-351FE2B5ACD5

Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай

Ақсақал тал отырғызуды 12 жасынан бастаған екен. Содан бері қара жерге қадаған көшетінің саны 2 млн-ға жетіпті. Қарт бағбанның қала сыртында тұрып жатқанына 34 жыл болды. Осы күні қарамағындағы 25 гектар жердің 8 гектары жайқалып тұр.

«Әуелгіде 4-5 сотық жерді шағын насоспен суару арқылы егуден бастадым. Қазір мұнда алма, алмұрт, шие, сары өрік, қара өрік, жиде, жүзімнің үш-төрт сорты, тағы басқа жеміс ағаштары өсіп тұр. Таулы жерде өсетін арша, бот арша, боз арша сияқты қылқан жапырақтыларды, қарағай, қайыңды да жерсіндірдім», - деді орманшы.

Бектай ақсақал өзінің бағынан бөлек Қызылорданың бірнеше көрікті орнын көркейтіп-көгалдандыруға үлес қосты. Жастайынан бейнетке бейімделген оның шаруасына қазіргі күні балалары мен немерелері қолғабыс жасап жүр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале