20.10.2021, 14:35
Оқылды: 81

95 мың адам Қазақстан колледждерінде тегін кәсіп игереді

Биыл колледждерде тегін кәсіптік-техникалық оқуға 95 мың адам қабылданды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтып берді.

211020152330939a3851375i
«Колледждерге келсек, «тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында биыл колледждерге бірінші курсқа 95 мың студент қабылданды. Биылдан бастап колледждердің академиялық дербестігі кеңейтілді, ол жұмыс берушілердің қатысуымен және еңбек нарығының талаптары бойынша білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге мүмкіндік береді. 180 колледжді «Жас маман» жобасы бойынша жабдықтау аяқталып келеді. Жаңа оқу жылында колледж студенттері мектеп оқушылары сияқты штаттық оқыту форматына көшті.

Бұл ретте теориялық, зертханалық, практикалық сабақтар, кәсіптік практика қалыпты режимде жүргізіледі және колледждер пәндердің 20%-ы бойынша қашықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндігі бар», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, колледждерде студенттердің бір уақытта болуын шектеу үшін теориялық және практикалық сабақтардың ауыстырып тұру ұйымдастырылған. Барлық колледждер мен жатақханаларда Ashyq жүйесі орнатылған.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале