2.03.2020, 12:21
Оқылды: 42

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткен тақырыптық кездесудің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің

ҮНДЕУІ

    IMG-20200301-WA0116

Біз, Батыс Қазақстан халқы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі, ;аңа заманғы қазақстандық қоғамның дамуына қатысты келелі мәселелерді талқылай отырып, Елбасының сананы әлеуметтік жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» идеясын негізге алып, Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыра отырып, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзіндік даму жолымызды ескере отырып, қоғам мен жастарға, облыс азаматтарына Үндеу жариялаймыз:

- мерейлі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы бәріміз өткен жолымызды зерделеп, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында алдымызға жаңа міндеттер қоюымыз керек;

- тойлар, мерейтойлар мен садақалар өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеуге шақырамыз. Байлыққа масайрап шалқып өмір сүруге ұмтылу өткен шақтың еншісінде қалған салт деп санаймыз. Аста-төк ысырапшылдық – материалдық шығын ғана емес, денсаулыққа залал келтіру, уақытты бос өткізу, адам баласы арылуы тиіс жаман әдет.

- Халқымыз әрдайым қадір тұтқан құндылықтар – қарапайымдылық пен ар-ождан.

- Бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені ол – еліміздің басты мақтанышы. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» демекші, адамдар арасында келісім болмаса, даму да болмайды. Бірлік пен келісімнің, тұтастық пен достықтың арқасында Қазақстан халқы қиын-қыстау жылдардың бәрін жеңіп, даму жолына түскенін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

- Жастарды бірлікке, тұтастыққа, келісімге және бірлесіп әрекет етуге жұмылдыру жұмыстарына белсене араласуымыз керек.

- Теріс ағымдардың ықпалына тосқауыл қоюымыз, теріс ағымдардың жеке адамға, отбасы мен қоғамға, ұлттық қауіпсіздігіміз бен ел тұтастығына төнген қауіп екенін әрбір адамға түсіндіруіміз қажет.

Біз барша ақсақалдарды және қоғам тағдыры алаңдататын адамдарды:

- Тұрғындар, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында түсіндіру және алдын алу шараларын белсенді жүргізуге;

- Ұрпақтар жалғастығын сақтай отырып, үлкендердің озық тәжірибелерін жасы кішілердің бойына сіңіру үшін жастарды ақсақалдардың жобалары мен бастамаларына тартуға, олармен бірлескен жұмыстар жүргізуге;

- Жастарды еңбекке баулуға, мемлекеттік саясатқа қажетті жұмыс орындары мен кәсіби-техникалық мамандықтарды беделін арттыруға, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен индустрияландыруға және жастарымыздың әлеуетін дамытуға;

- Елбасының Қауіпсіздік кеңесінде айтқан: «бейбітшілік пен келісімді сақтау – бұл халқымызға жүктелетін жауапкершілік» деген сөзін ешқашан есімізден шығармауға шақырамыз.

Бірлескен күш-жігер ғана табыс пен даму, жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біз осында отырған баршаңызды біздің қоғамның дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз. Өзара түсіністікпен ғана ісіміз оңға басатыны хақ.

Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесі

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале