Облыс орталығынан кәсіпкерлерге қолдау ретінде жүк көлігімен Сырым ауданына жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар тиімді бағамен сатылды.
Жүк көлігіндегі көкөністердің жалпы мөлшері картоп 14 тонна, пияз 4 тоннадан астам, сәбіз 2 тоннадай салмақты құрады.
Ауданымыздың кәсіпкерлері 1 келі картопты 80 теңгеден (7 тоннаға жуық), пиязды 90 теңгеден (2 тоннадан астам), сәбізді 70 теңгеден (бір жарым тонна) сатып алса, қалғаны Қаратөбе ауданына жөнелтілді.
Айта кетейік, кәсіпкерлер алынған тауарларды өз бағасына 10% қосып қана сата алады.
Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz