18.08.2022, 15:00
Оқылды: 76

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті анықталды

14 тамызда кішкентай қызды зорлау дерегі бойынша анасының арызымен облыстық Полиция департаментінде соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі ағзасы қатты зақымданған.

"Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты", - деді анасы.

Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

"Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деді полиция қызметкерлері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале