27 ақпан күні үкіммен азаматша Ж. алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Сотта мемлекеттік айыптаумен азаматша Ж-ның айыпталған іс-әрекетке қатысы бар екенін толық дәлелденді. Осы азаматша 2019-2021 жылдар аралығында ірі айыппұл себебінен ақша қажеттілігі және оның шоттарының жабық болуы сылтауымен, жәбірленушілердің рұқсатымен олардың атына онлайн ақшалай кредиттер ресімдеді, содан кейін ақшалай кредиттер өтелген соң, жәбірленушілердің сауалнамалық деректеріне қол жеткізе отырып, азаматша Ж. олардың білмейтінін пайдаланып, микрокредиттік ұйымдарда онлайн ақшалай кредиттерді ресімдеген.
Сот айыптау ұстанымымен келісіп, азаматша Ж.-ны 4 жылға бас бостандығынан айырды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуді белгіледі. Үкім 26 сәуір күні заңды күшіне енді.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарға мұқият болуды және алаяқтардан сақ болуды ескертеді.
Сізге қатысты алаяқтық жасалған жағдайда 102 телефонына қоңырау шалу не құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
БҚО прокуратурасының аға прокуроры Қуанышбек Қапезов,
zakon.kz