8.03.2025, 15:02
Оқылды: 108

Абиба Абужақынова дзюдодан әлемдік Гран-при чемпионы атанды

Бүгін Аустрияда дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды. Дүние жүзінің 52 елінен келген 416 татами шеберлерінің жарысында қазақстандық дзюдошылар да өнер көрсетуде.

e6b12a0c-2c37-4a51-aea8-29ba6389b38d

Жарыстың алғашқы күні 48 келіге дейінгі әйелдер сынында Абиба Абужақынова белдесті. Ол жартылай финалға дейін жапон қызы Мизуки Хараданы, ширек финалда татами иесі Спрингер Жаклинді, жартылай финалда нидеолалдтық Амбер Херсьесті жеңді.

Қазақстандық дзюдошы финалда жапониялық Сачио Ёшиномен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Айта кетейік осы сайыс Абиба Абужақынованың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы және алғашқы алтыны.

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале