20.05.2024, 10:15
Оқылды: 90

Әбиба Әбужақынова: «Олимпиадаға бір қадам қалды»

Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды. Бұл оның әлем біріншіліктерінен алған екінші жүлдесі, деп жазады olympic.kz.

InShot_20240520_085835227

– Әлем чемпионатына тыңғылықты  дайындалдым. Өз жерімізде өткен Grand Slam турниріне де қатыспадым. Олимпиадаға бір қадам қалды. Сондықтан бұл бәсекенің орны ерекше.

Ал кездесулерге келер болсам, моңғол қызына өз қателігімнен ұтылдым. Азия чемпионатында да есе жіберіп едім. Бірінші айналымдағы түрік қызын бұрын да жеңіп жүргем, кіші финалда кездескен Тукче Бедермен бірінші рет белдестім. Екеуміз де солақай болғандықтан, бапкерлер оның сол қолын бұғаттауды тапсырды.

Әрине, алтын медаль алғым келді. Бірақ қоланың өзі мен үшін үлкен жетістік. Бұл турнир қарсаңында негізінен Италия, Жапония және Моңғолия спортшыларына қарсы дайындалдым, - дейді Абиба Әбужақынова.

Еске сала кетейік, Абиба Әбужақынова екі әлем чемпионатынан жүлде алған қазақ қызы атанып отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) турнирде қола медаль жеңіп алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале