27.07.2024, 23:23
Оқылды: 120

Абиба қазақ елінен кешірім сұрады

Қола үшін белдесіп, жолы болмаған Абиба Әбужақынова «Qazsport» арнасына берген сұхбатында көз жасына ерік беріп, елдің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады.

39F09B5A-7C43-4180-99B4-5FCB29685DA6

Сурет: Сали Сабиров

«Білмеймін... Жарақат болса да шыдайтын едім.  сол қателік... Қарсыласым швециялық Тара Бабулфат өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істеді. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды», - деді Абиба жылап тұрып.

Айта өтейік, Абиба Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді. 

Түгелбай Бейсен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале