10.11.2023, 9:16
Оқылды: 53

Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды zhaikpress.kz мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жсап.
Ғұлама ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жасалған сапарда Сүлеймания кітапханасынан табылған.

IMG_20231110_090416_214

"Музыка саласына кіріспе" еңбегі 1257 жылдың 3 маусымында жарық көрген.

Араб тілінде жазылған қолжазба 243 беттен тұрады. Аталған туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.

IMG_20231110_090418_272

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 2022 жылы “Архив - 2025" жобасы аясында Ресей, Татарстан және Башқұртстан Республикалары, Түркия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Мысыр және Катар мемлекеттеріне 11 ғылыми-іздестіру жұмысын жүргізген.

IMG_20231110_090421_917

Олар тарихи құжаттарды зерттеу және сақтау бойынша түрлі жобаларды іске асырды.

Мамандар отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу жұмыстарын жүргізіп, тарихи құжаттардың көшірмелерін елге әкелді.

ҚР МАМ архив, құжаттама және кітап комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге жеткізілген  қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде.

Барлық құжатты ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале