19.06.2017, 11:22
Оқылды: 65

Абзал жандар ардақталды

Borli abzal jandar ardaktaldi   Маусым айының үшінші жексенбісі – ауруды емдеп адамды құтқаруды бұлжымас мақсат еткен медицина қызметкерлерінің күні.


   Бұл мейрамға орай, облыс аудандарында түрлі шаралар өтті. Бөрлі аудандық мәдениет үйінде ақ халатты абзал жандардың еңбегіне деген биік құрметті әспеттеген салтанатты жиын өтіп, аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов ақ халаты абзал жандарды кәсіби мерекелері мен құттықтады. Бірқатар медицина саласының қызметкерлері аудан әкімінің, «Алғыс хаттарымен», облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Бөрлі аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Г.Хусайнова марапатталды.

     Теректі ауданында аудан әкімі Мұрат Мұқаев дәл осындай марапатпен, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алғыс хатымен орталық аурухана дәрігері Ақтөре Лұқпанованы  марапаттады.

     Гиппократ антын қабылдап, асқан шеберліктің иесі адам өміріне араша түсетін ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі Жалпақтал мәдениет үйінде де өтті. Шарада бір топ медицина саласының қызметкерлері облыстық денсаулық басқармасының және аудандық аурухана атынан әзірлегенен алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына "Ең үздік донор" және "Үлгілі пациент" атаулары бойынша марапат көрсетілсе, ақ халатты абзал жандарға алғыс тілектерін жеткізген ауыл тұрғындары да болды.

   Ал Қаратөбе ауданында Медицина қызметкерлері күніне орай волейболдан мекемеаралық  жарыс өтті.

  Мерекелік шарада құттықтау сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев қатысып, Денсаулықтың бірден-бірі кепілі – спорт екенін айтып, осындай спорттық ойындарға атсалысып жүрген барша қызметкерлерге алғысын жеткізді.

  Тартысты өткен ойын қорытындысында І орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы иеленсе, ІІ орынға аудандық орталық аурухана командасы жүлдеге ие болды. Ал Шөптікөл орта мектебі балабақшасының командасы ІІІ орынға қол жеткізді. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын аудандық әкімшілік командасы иеленді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале