ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімі «Халал даму» ЖШС-нің БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбековтің бастамасымен Орал орталық мешітінде өткен семинар осылай аталды.
Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, семинарға қатысып отырғандарға сәттілік тіледі. «Халал даму» ЖШС-нің БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбеков семинарда адал астың пайдасы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.
Жиналғандар Асхат Асылбекұлына толғандарған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.
Семинарға дін істері басқармасының өкілдері, қала тұрғындары мен мешіттің ақжаулықты әжелері қатысты.
Орал қаласындағы кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі