«ADAL» партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттары бірнеше өңірде кездесулер өткізді. Павлодар облысы Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы сөз қозғады.
Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сынды бірнеше мәселемен шағымданды.
Сонымен қатар, аталған облыстағы Ақсу қаласының тұрғындары білім сапасын арттыру және кәсіптік бағдар беруде көмек көрсету мәселелерін көтерді. Үміткерлер сайтта студенттерге білімдерін тексеруге және университет таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесетін қызмет бар екенін айтты. Одан әрі кездесу Көктөбе ауылында жалғасты.
Сондай-ақ, партия бағдарламасын белсенді талқылау болды. Кездесулер соңында депутаттыққа кандидаттар әр азаматтың пікірі, оның өтініштері партия үшін маңызды екенін баса айтты. Осының арқасында міндеттер қалыптасады және оларды шешу тетіктері түзіледі. Алматы облысында депутаттыққа кандидат Лаззат Шыңғысбаеваның халықпен кездесулері жалғасты. Ол Түймебаев ауылының Ашыбұлақ ауылдық округінде шеге шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесіп, Өтеген батыр және Қапшағай қаласының тұрғындарымен әңгімелесті.
Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, оған «ADAL» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай мен Алмасбек Садырбаев қатысты.
Фермерлермен кездесу барысында Алмасбек Садырбаев АӨК пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. Ардақ Назаров Жамбыл облысының Тараз қаласында кездесулер өткізді.
inform.kz