28.01.2022, 15:10
Оқылды: 53

Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз - Қасым-Жомарт Тоқаев

Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220111130101164e

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, құзырлы органдар кінәлі адамды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде.

«Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында жариялануда.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале