Бүгін бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған.
Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.
Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды. Ал екіншісі тергеуден қашып үлгерген. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
2023 жылы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.