29.03.2022, 10:20
Оқылды: 42

Әдемі қартаюды бұйыртқай

Жүйрік аттай жүйткіген уақыт көшінде ел жайын ойлап тебіренген игі жақсылардың есімін ілтипатпен атап, шынайы құрметімізді арнайтынымыз белгілі. Сондай азаматтардың бірі – Марат Кенжетайұлы Оңғарбеков дер едім. Оны замандастары да бағалайды.

3177A467-F824-4101-ABCE-A519CA73727B

Марат Кенжетайұлы – тумысынан көпшіл адам. «Қазақтың Қадыры» атанып кеткен айтулы ақын ағамыз – Қадыр Мырза Әлимен жарасымды сыйластығы, ағалыінілі қарым-қатынасы – өз алдына бөлек әңгіме. Туған ауылындағы мектепке Қадыр Мырза Әли есімін бергізіп, сол мектепте ақынның бюсі орнатылуына мұрындық болды. Сонымен бірге 2005 жылы Қадырдың 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізгені бар. Осы атқарған істері – ауыл, аудан ғана үшін емес, тұтас қазақ әдебиеті мен руханиятына, мәдени өрлеуіне қосқан қазыналы үлесі дер едік. Халықшыл азаматтың ел басқарудағы үлгі-өнегесі де атап айтуға тұрарлық. Мысалы, Сырым, Бәйтерек аудандарында әкім болған кезінде сол өңірлердің өркендеуіне, әрбір саланың орнықты дамып, көркеюіне үлес қосты. Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен кезінде де жұртшылықтың алғысына бөленді. Марат Оңғарбековтың Алаш арыстарының еңбегін насихаттаудағы, көпшілікке танытудағы еңбегі ерен. Атап айтар болсақ, Сырым ескерткішінің бой көтеруіне, «Алаш саябағының» салынуына, Алаш қайраткерлеріне арналған мұражайдың ашылуына себепкер болды. Өлеңті ауылында су жаңа мектеп тұрғызылып, оған Жаһанша Досмұхамедовтың есімі берілуіне ұйытқы болды. Осындай ауыз толтырып айтарлық еңбектері бар Марат Кенжетайұлы күні кеше зейнеткерлік жасқа жетті. Жасаған ие ақ­еділ азаматқа атқарған игі істеріне орай әдемі қартаюды бұйыртқай.

Рафхат Халелов,

Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале