14.04.2025, 17:45
Оқылды: 191

Әділет министрлігі: музыкалық шығармаларды пайдалануға тек автордың немесе құқық иеленушінің келісімімен ғана рұқсат етіледі

Бүгін ОКҚ алаңында көпшілікті алаңдатқан мәселе – Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы қайтару тақырыбы талқыланды. Зияткерлік меншік комитетінің төрайымы Шолпан Әбдірееваның айтуынша, авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану үшін автордың рұқсаты қажет.

c82f8f07-0134-4423-b636-4a77c2d947b7

Сурет: telegram.org

- Авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық конвенциялар музыкалық шығармаларды, мысалы, интернетте немесе әлеуметтік желіде пайдалану үшін авторлардың немесе құқық иесінің рұқсаты керек екенін анық белгілейді. Әрине заңнамада туындыларды авторлардың келісімінсіз және сыйақы төлемей пайдалануға рұқсат етілген еркін пайдалану жағдайы қарастырылған. Бірақ бұл жағдай нақты реттелген, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале