31.01.2022, 9:50
Оқылды: 44

Агроөнеркәсіптік кешен даму үстінде

29 қаңтар күні облыс әкімі Ғали Есқалиев іссапармен Теректі ауданына барды.

7C2EBACC-5491-4135-B72E-79C2B84EA684

Өңір басшысы Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылының маңындағы «Масқар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2017 жылы құрылған «Масқар» АШӨК төрағасы Айбек Борисов. Абат Нұрғалиев, Бекжан Кайнекешов – АШӨК құрылтайшылары. Қызметтің негізгі бағыты – мал басы санын көбейту, кооператив мүшелерінің ірі қарасын асылдандыру.

38DB444E-D164-4FAB-933C-3DCC5F93BF29

2021 жылы 20 сәуірден бастап мал бақташысын жұмысқа қабылдап, ауыл тұрғындарының ірі қара малын бағуды қолға алған. Қазір 260 бас ірі қараны бағып-баптауда. Малды суаруға арналған құдық бар. 2021 жылы  шілде айында Абай ауылының 20 тұрғыны «Масқарға» мүшелікке қабылданған. Мүшелікке қабылданған тұрғындар арасынан 16 тұрғын мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз  грант алып, қаражатты толықтай кооперативке аударған. Қазіргі таңда «Масқар» АШӨК жаз мезгілінде бағымға қосылған асыл тұқымды бұқаларды қыстақта ұстап отыр.

8A455E8A-DA0C-4C98-876D-0FBBD0B2D7B0

Ақжайық ауылындағы жеке инвестициялық жоба болып табылатын «Айша» жеке бөбекжайы да халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Ғимарат 1982 жылы салынған. Мекеменің заңды иесі Қайырғали Ахметәлиев. Светлана Хайруллина - балабақша меңгерушісі. Бөбекжайда 13 адам жұмыс жасайды. 1 меңгеруші, 6 педагог-тәрбиеші, 1 әдіскер балалардың жан-жақты дамуы жолында тер төгуде.

08DC1729-E2CA-43A1-A3E9-86A2FB32D294

Қазіргі таңда бұл бөбекжайда 75 бала тәрбиеленуде. Көлемі 413 шаршы метрді құрайтын 1 қабатты ғимаратта 5 бөлме бар. Көгілдір отынмен жылытылады. 50 пайыз несие, 50 пайыз өз қаражаты есебінен мекеме иесі 2020-2021 жылы 23,0 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Елге пайда тигізуді көздеп, осындай игі істермен айналысып жүрген кәсіпкерлердің алдағы жұмысына сәттілік тілеген өңір басшысы аталмыш ауылдағы мәдениет үйіне табан тіреп, көрмені аралады. Көрмені аралау барысында Теректі ауданына қарасты ауылдық округтер жайлы жалпы ақпараттар, олардың жетістіктері және жеке кәсіп иелері, ауыл шаруашылығы өкілдері атқарып жатқан жұмыстар жайлы біраз ақпарат берілді.

C9FB53E6-9568-4AD8-AEA2-7C5BFDB6400A

4EEEB4F9-AA22-4E57-B398-70AEB43B8DD7Сонымен қатар мәдениет үйінде «Ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуының жолдары» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті. Кеңесте агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында жасалатын жұмыстар талқыланды.

77021203-304C-4D21-BCCC-C0C1EB8677CB

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале