4.03.2026, 16:00
Оқылды: 52

Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады

Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау. Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жазды.

_gluster_2026_3_4_6ea451fff44190453da614e2f2392ab3_1280x720

 Сурет: gov.kz

Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.

4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале