«Air Astana» компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салынды.
Әуе компаниясы жолаушылардан жанармай алымын негізсіз алып отырған.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.
«Air Astana» авиакомпаниясы ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде жолаушылардан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып отырған. Оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде реттемеген», - делінген хабарламада.
qazaqstantv