22.07.2022, 12:15
Оқылды: 72

АИТВ жұқтырған қазақстандықтар енді бала асырап ала алады

Денсаулық сақтау министрлігі баланы асырап алуға немесе қамқоршылыққа алуға рұқсат етілмейтін аурулар тізбесіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5

Министрлік бала асырап алуға немесе оны қамқоршылыққа ала алмайтын науқастар тізімінен АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындарды алып тастауды жоспарлап отыр.

Құжатқа сай түзету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес келеді. Онда АИТВ жұқтырған Қазақстан азаматтары басқа азаматтармен тең негізде бала асырап алуға құқылы.

Бұйрық жобасы 4 тамызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале