Зарина Қамасованың дерегінше, АИТВ жұқтырған мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің және оңалту орталықтарының қызметтерін пайдалана алмайды. Осыларды ескере отырып, депутат министрліктің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
Бүгін Астанада әлеуметтік қызметкерлерді марапаттау рәсіміне қатысқан вице-министр Е.Оспанов тілшілердің сауалына орай осы мәселеге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, бүгінде Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыстар басталған.
«Бұл мәселе өте өзекті. Біз депутаттық сауалды алдық. Ол бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Кеше ғана Денсаулық сақтау министрлігінің бұл жобаға қатысты ұстанымын алдық. Осыны ескере отырып, мәселені қайта қараймыз», - деді Ербол Оспанов.