Тамыз айында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай облыс көлемінде 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Ай бойына «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам» тақырыбы аясында өтетін шаралар барысында санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер қатаң ескерілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Қадралиев мәлімдеді.
Жоспарланған шаралардың қатарында екі республикалық, тоғыз облыстық, төрт қалалық және бірқатар аудандық деңгейдегі шаралар бар.
zhaikpress.kz