2.08.2024, 9:30
Оқылды: 71

Айбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалынан сырт қалды

Париж Олимпиадасында бокстан 92 келі салмақтағы ширек финал бәсекелері өтуде. Өкінішке қарай, қазақстандық Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

974A7DE5-0E80-4A06-9AF0-0D2CCA945A82

Фото: Olympic.kz

Турнирдің 1/4 айналымында Айбек Оралбай Әзербайжан атынан жұдырықтасатын кубалық боксшы Лорено Альфонсо Домингеспен кездескен болатын.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Айбек 4:1 есебімен алға шықты. Ал екінші және үшінші раундта төрешілер жеңісті Домингеске берді.

Осылайша, Қазақстан командасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале