26.06.2019, 16:52
Оқылды: 65

«Айбын» республикалық жиынынан өңір жастары бас жүлдемен оралды

Қарағанды облысының Спасск қаласында 17-22 маусым аралығында өткен «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан өңіріміздің жастары жүлдемен оралды.

 20190626_120518

Оларды теміржол бекетінен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасының өкілдері және ата-аналары қарсы алды.

20190626_121249

– Облысымыздың намысын қорғаған «Жігер» әскери-патриоттық клубының құрамында 442 жас бар. Солардың ішінен іріктеп, жарысқа 15 ұл-қызды алып бардық. Олар өздеріне артылған сенімді ақтай алды. Арқан тартудан, әскерилендірілген эстафетадан, ұлттық спорт түрі асық атудан, газқағарды және плащ түріндегі әскери қорғаныс жиынтығын киюден бірінші орын алдық. Қалған жарыстарда да жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Өткен жылы дәл осы додада екінші орын алған едік. Биылғы жарысқа 17 команда қатысты. Солардан оқ бойы озық шығып, Батыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Эльдар Шынғалиев.

20190626_121255

Жеңімпаздарды қарсы алу барысында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Марат Есенов жастарды жеңіспен оралуларымен құттықтап, кубок пен велосипедтер табыстады, команда жетекшілерін алғысхаттармен марапаттады.

20190626_122244

– Мен әскери кростан сынға түсіп, екінші орын алдым. Жарыс өте тартысты болды. Әр өңірден келген қатысушылар жақсы дайындалған. Облысымыздың намысын бермес үшін бар күш-жігерімді салдым, - дейді «Жігер» әскери-патриоттық клубының мүшесі Асылхан Аманкелді.

Есенжол Елекенов,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале