17.03.2025, 9:45
Оқылды: 127

Әйелдер боксы: Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы тарихи жетістігі

Сербияның Ниш қаласында мәресіне жеткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін аса сәтті аяқталды. Бірнеше жылдық үзілістен кейін ұлттық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел қоржынына үш алтын, екі күміс және бір қола медаль салды. Бұл көрсеткіш – Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік аренадағы орнының нығайғанының белгісі. Бұған дейін әйелдер құрамасы 2016 жылы елордада өткен әлем біріншілігінде 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алған еді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі  жазды. 

Отандық боксшылардың жетістігі

Биылғы додаға Қазақстан толық құраммен қатысты. Турнир барысында жерлестеріміз 35 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жетті.

Алтын медаль иегерлері:
Назым Қызайбай (48 кг) – тәжірибелі боксшы бұл жеңісімен Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем біріншілігінде топ жарған.

be7f4423-68dd-47f3-a6f7-e7a602dc05e6

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назымды әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтап, оған зор табыс тіледі.

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербиядағы Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деді Президент.

b706fe4a-6056-463d-9a42-d4c4a6f14c69

Алуа Балқыбекова (50 кг) финалда қытайлық боксшыны айқын басымдықпен (5:0) жеңіп, әлем чемпионатының барлық жүлде жиынтығын иеленген боксшы атанды. Жерлесіміз бұған дейін 2022 жылы Түркиядағы әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы Үндістандағы дода қола медаль жеңіп алған еді.

2400d06a-c941-4c23-9200-59b50c5ebe12
Аида Әбікеева (63 кг) – өзінің шеберлігін дәлелдеп, финалда сенімді жеңіске жетті. Осылайша былтыр Азия біріншілігінде үздік шыққан ол биыл әлемдік деңгейдегі алғашқы алтын медалін иеленді.

baaf652c-bed4-4091-9a47-65ce9b2e1a95 aa66d60e-e6bf-4780-948d-9ddbd9a4517f

Күміс жүлдегерлер:
Виктория Графеева (60 кг) – финалға дейін сенімді өнер көрсетіп, ақтық сында ғана қарсыласына есе жіберді.
Елдана Тәліпова (+81 кг) – ауыр салмақтағы еліміздің ең үздік боксшылардың бірі екенін дәлелдеп, күміс жүлдеге ие болды.

20cc9a36-4f91-4665-9999-a9552c5c3a9d

Қола жүлде:
Наталья Богданова (70 кг) – жартылай финалда жеңіліс тапқанымен, әлемдік деңгейдегі үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Чемпионаттағы ерекшеліктер
Қазақстан әйелдер құрамасы бұл әлем чемпионатында өз тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірін көрсетті.
Жарысқа 51 мемлекеттің өкілдері қатысты. Ал Қазақстан, Сербия, Ресей және Өзбекстан боксшылары толық құраммен бақ сынады. Жекпе-жектердің екеуінде жеңіс қазақстандық боксшыларға қарсыластары рингке шықпағандықтан автоматты түрде берілді.

Жалпыкомандалық есеп
Қазақстан бұл чемпионатта жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

1-орын: Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
2-орын: Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
3-орын: Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

4ef37cfc-d001-40a2-8bf6-e5cb8fcd9bf8

Сурет: telegram.org

Бұл чемпионат қазақстандық спортшылардың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сербиядағы тарихи жетістік – алдағы жарыстарға тың серпін беретін маңызды кезең.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале