5.03.2024, 9:45
Оқылды: 56

Әйелдер құрамасы орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Өзбекстанның Әндіжан қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

39415b1e6f22575c92df9a8aceaf3841

Фото: kazsports.kz

Азия хоккей федерациясы (AHF) ұйымдастырған биылғы бәсекеде ерлер арасында Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан командалары сынға түсті. Ал әйелдер арасында Қазақстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан құрамалары кім мықтыны анықтады.

Нұржан Бейбітов баптайтын еліміздің әйелдер құрамасы алғашқы ойында Тәжікстанды 13-1 есебімен ойсырата жеңді. Сосын, Өзбекстан хоккейшілерімен тең түскен (1-1). Ал жарыс қожайындарымен болған екінші матчта Ұлттық құрама 2-1 есебімен жеңіп, топ жарды. Қазақстанға Виктория Ляпинаның дублі шешуші кездесуде бас жүлде алып келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале