Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам белсенді әйел «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған «Әйелдер – жасампаз көшбасшылар» атты саяси көшбасшылық бойынша оқу курстарына қатысты.
Елдің тағдыры мен даму жолы айқындалар,талай Заң жобалары жазылып шыққан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі қабырғасында "AMANAT" партиясының төрағасы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлының қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген көшбасшы әйелдермен кездесу өтті. Кездесуді аша отырып, Ерлан Қошанов жиналғандарды алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының арқасында елде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері сапалы жаңа деңгейде шешіліп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында Ерлан Жақанұлы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, партия жанындағы Әйелдер қанатының жұмысына тоқталып, жоғары баға берді. Бүгінгі күні қоғамның түрлі бағытында еңбек етіп жүрген,сонымен қатар отбасында қатар алып жүрген әйелдерге құрмет жоғары болу керек екенін айтты.
Мәжіліс Спикері Әйелдер қанаты алдында тұрған бірқатар жаңа міндеттерді де белгіледі. Атап айтқанда, «Tomiris» жобасының ауқымын кеңейтіп, болашақ көшбасшыларды студенттік кезден бастап дайындауға назар аудару қажет. Ол үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату керек, әсіресе саясаттану және әлеуметтік мамандықтардың әлеуетіне көңіл бөлу маңызды. Сонымен қатар жобаға қатысушыларды талдамалық жұмысқа белсенді тарту және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды күшейту керек.
Ерлан Қошанов әйелдердің жұмысқа орналасуы мен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін кеңейтудің, сондай-ақ олардың экономикаға, саясатқа және басқа да салаларға белсенді қатысу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мәдениет және ақпарат министрі Aida Ғалымқызы өз сөзінде мемлекеттік, саяси қызметтің басқару сатысында әйел азаматшалар аз екенін айтып, "Tomiris" жобасының түлектеріне сенім білдірді.
Кездесу модераторы ретінде Жұлдыз Досбергенқызы, тарихта қалған қазақ әйелдерінің тағылымды жолын атап өтті.
Әйелмен әлем әдемі, әрі шуақты. Қандай шуақты болса да, сондай жауапкершілік жүгі салмақты.
Үлкен әсермен, жаңа идеялармен, тың бастамамен, жаңа тәжірибемен өңірге оралып, жаңа бастамалар мен ұсыныстарға ашық екенімізді жеткізгіміз келеді.
Осындай мүмкіндік берген партия басшылығына алғыс білдіремін! Әйелдер қанатының атқарар қызметі, орындалатын жоспарлы іс-шаралары әлі алда деп сенеміз.
Гаухар Шайхиниязова,
"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық
филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі