27.11.2022, 17:10
Оқылды: 39

Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету және 13-ші зейнетақыны енгізу туралы ақпарат – жалған

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні, сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемін енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

a4227ac51b73646f7c19e4c326178761_1280x720

Вежомство мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шешіміне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылатынын еске салады.

Зейнетақы төлемдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төлемдер арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады (БЖЗҚ төлемдерін есепке алмағанда).

Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұрайды.

Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале