Бүгін сағат 01.40 уақытында Бәйтерек ауданының Переметное кентінде 1990 жылы туған Х. есімді ер адам сол ауылдағы дәмхананың бірінің жанында өзінің 28 жастағы әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салды, содан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалады. Бұл жөнінде БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Жәбірленуші Бәйтерек ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Күдіктінің жүрген жерлерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктіні іздеуге және анықтауға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikpress.kz