27.03.2024, 9:45
Оқылды: 80

Әйгілі әнші Анкарадан оралды

ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, әйгілі әнші Хатимолла Бердіғалиев жуырда шығармашылық сапармен Түркияның Анкара қаласына барып қайтты.

катимолла

Аталмыш шаһардағы Музыка және көркемөнер университетінің ұйытқы болуымен 21-23 наурыз аралығында халықаралық симпозуим өтті. Бұл айтулы шара қос көзінен айырылса да, ақындық, жыраулық өнерді жалғастырып, түрік жұртына өшпес мұра қалдырған тарихи тұлға Ашык Вейселдің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған симпозиумда Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қарақалпақстан және Ираннан келген жыршытермешілер өнер көрсетті. Шырқалған дәстүрлі әндер мен жыр-термелер жиналған жұрттың рухын бір көтеріп тастады. Симпозиум барысында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, белгілі тұлғалар өнер көрсетті. Осы ауқымды шараға Қазақстаннан әнші, жыршы Хатимолла Бердіғалиевке қоса, жырау, профессор Алмас Алматов, жырау, қобызшы Марат Сүгірбай және жыршы, өнертану магистрі Күнсұлу Түрікпен қатысты.

– 2016 жылы ашылған Музыка және көркемөнер университеті өте мәнді-мағыналы шара ұйымдастырды. Түрік тілінде баяндамалар оқылды. Әрбір жыршыға 10 минут уақыт берілді. Сол уақыт ішінде мен «Құмар» термесін, Жамбылдың «Жазын» (мақамы Ғарифолла Құрманғалиевтікі) және өлеңін Ақұштап Бақтыгереева, әуенін Сәрсенғали Бисенғалиев жазған «Мен сені ойлайтынмын» деп аталатын әнді орындадым. Ұйымдастырушылар тарапынан симпозиум қонақтарына алғысхат берілді, – деді Хатимолла Жәңгірұлы.

Әлкеш Қалқаман

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале