Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: gov.kz
Журналистер экс-министрге "депуттаттық пәтер алу ойыңда бар ма?" деген сұрақ қойды.
"Бұл сұрақты күттім. Бұған қатысты Үкімет қаулысы бар. Барлығы регламенттелген. Заңда не жазылса, соны орындаймыз. Мен осында (Астанада - еск.) тұрамын. Менің көппәтерлі тұрғын үй кешенінде өз пәтерім бар. Басқа жаққа көшу жоспарда жоқ", - деді ол.