16.08.2018, 12:50
Оқылды: 68

Айт намазына дейін шалынған мал құрбан малы болып есептелмейді

Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов айтты. Имамның айтуынша, Орал қаласында айт намазы 7:15-те басталады. 21-23 тамыз күндері Құрбан айт тойланады. Құрбан малын 23 тамыздағы екінті намазына дейін шалуға болады.

Мерекеге орай 19 тамыз күні орталық базар жанындағы Т.Батырұлы атындағы қалалық мешіт мен Зеленов ауданындағы Асан мешіті жанында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта айтқа дайындық жұмыстары басталған. Имамдардан топ жасақталды. 18 тамызда қасапшыларға арналған семинар өтеді. Семинарда малды шариғат талабымен сою рəсімі түсіндіріледі.

Орал қаласы əкімдігі келісімімен төмендегідей мал сойылатын орындар белгіленді:

  1. "Ел ырысы" базары
  2. "Орал шұжықтары" ЖШС (Желаев кенті, Промзона 17/3)
  3. "Кублей" ЖШС (Зашаған кенті, Рыбцех, 55)
  4. "Батыс Адал ет" ЖШС (Зашаған кенті, Вторая молодежная 1/6)

Құрбанға шалу үшін қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі, түйе бес жасқа толуы керек. Ірі болса, алты айлық қозы жарайды. Құрбан малы көтерем, көзі соқыр болмауы, құлақтарының басым бөлігі бүтін, тістері түгел, мүйізі түбінен түспеген болуы қажет. Сиыр мен түйені бірден жеті адамға дейін Құрбанға атап сою алады.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

сурет БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале