8.03.2025, 12:44
Оқылды: 1002

Айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова дүниеден өтті

Жерлесіміз, Жайық өңірі айтысының алдыңғы буын өкілі, мәдениет саласының ардагері, айтыскер ақын  Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті.

photo-output

Шолпан Батырқызы  1949 жылы 6 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылында дүние келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 17 жасынан республикалық айтыстарда топ жарып, бірнеше рет жүлделі орынға ие болған.

2004-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасында басшы қызметін атқарды. Сол жылдары Ақжайық өңірінің қазақ тілі мен ономастика саласын дамытуға сүбелі үлес қосты.

Батыс жұртшылығы мезгілсіз орын алған қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы мен туған туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале