12.05.2020, 18:12
Оқылды: 38

Айжан Есмағамбетова: "Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест дайын"

Қазақстан медицинасында жақсы жаңалық бар. Көптен күткен коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды.

F572426A-93DD-4913-9CFA-34D2B448B548

Тест қолданысқа дайын, алайда отандық медицина ғалымдары оның ерекшелігін анықтамай жатып көп мөлшерде шығаруға асықпай отыр. Бүгінгі таңда оның сапасын анықтау жұмысы жүргізілуде. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин шараларына нүкте қойылған жоқ, әрі қарай бұрынғыша жүргізіле береді.

«Бастысы - арақашықтық пен гигиена сақтау керек. Коронавируспен ауырғандарды емдеу және олармен байланыста болғандарды оқшаулау мақсатында республика бойынша 33 мыңнан астам орын қарастырылған. Оның ішінде науқас адамдар үшін - 6 мыңға жуық орын, ауруға күдіктілерді жатқызу үшін - 8 мыңға жуық провизорлық орын және 20 мың карантиндік орын бөлінді», - дейді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале